jasqazaq.kz

Елордада той-томалақ өткізу тыйылмай тұр

08 сәуiр 2021, 13:04

Коронавирустың өршіп тұрғанына қарамастан елордада той-томалақ өткізетіндер тыйылмай тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Қазіргі уақытта мониторинг топтары күнделікті рейд іс-шаралары жүргізіп, 100-ден астам кәсіпкерлік нысандарын қамтиды. Бұл ретте жеке тұлғалар тарапынан да, кәсіпкерлік субъектілер тарапынан да карантин іс-шараларын сақтамау фактілері анықталып жатыр. Яғни, тыйымдарға және коронвирс инфекциясы таралуының тәуекеліне қарамастан үйленутойы, туған күн, көңілді кештер сынды бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тыйылмай отыр. Нысандарда көп адам жиналады және әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық нормалар сақталмайды», — деді бас санитарлық дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, осы жылдың 1 қаңтары мен 7 сәуірі аралығында полицияға шектеу іс-шараларының бұзылғаны туралы 423 материал түскен. Олар бойынша іс қаралып, 29 млн теңгеден астам сомаға 146 әкімшілік айыппұл салынған. 72 айыппұл қысқартылған тәртіппен 12 млн теңдеген астам мөлшерде төленген.

«Мониторинг топтардың жұмысы карантиндің шектеу іс-шараларының бұзылуын анықтау және жолын кесуге бағытталған», — деді Сархат Бейсенова.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия