jasqazaq.kz

Елордада төбелес салдарынан екі адам қаза болды

23 желтоқсан 2020, 13:13

Елордада 22 желтоқсан сағат 23:30-да «102» арнасына Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Біреуі кеуде қуысынан атыс жарақатын алса, екінші адам қарын тұсынан пышақ жарақатын алып, салдарынан екеуі де көз жұмды. Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтады. Олар Қызылорда облысында туып өскен 39 және 44 жастағы ер адамдар болып шықты», — делінген хабарламада. Сонымен қатар ауруханаға 24 жастағы жігіт атыс жарақатымен жеткізілген. Жанжал қарыз міндеттемелерінің салдарынан туындаған. Соңы төбелеске ұласып, суық және атыс қарулары қолданылған. Оқиғаға қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия