jasqazaq.kz

Елордада «тапқыр» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген

18 қантар 2022, 16:42

Елордада өзгенің көлігін сатып жіберген «пысық» жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасынан мәлім етті.

«Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, Бейбітшілік көшесі бойындағы үйдің ауласында бұзылып тұрған «Лада Приора» маркалы көлігін түн ішінде белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданды. Тергеу барысында көлік иесі оталдыру кілтін машина ішінде қалдырып, есігін ұзақ уақыт жаппағаны анықталды. Бұл жайтты 17 жастағы жасөспірім пайдаланған. Жасөспірімөзін көлік иесімін деп таныстырып, танысына машинаны азын-аулақ сомаға сатып алуды ұсынған. Сатып алушы көлікті сүйретіп әкеткен», — делінген комендантураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бозбала жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлерінің айрықша бақылауына алынды.

«Бозбаланың іс-әрекеті Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, онда жасөспірімді әумесерлік мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы мектепке жіберу шешімі қабылданды. Соңғы шешімді сот қабылдайтын болады», — деп атап өтеді ведомстводан.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр