jasqazaq.kz

Елордада сиырды үйдің төбесіне не үшін шығарғаны белгілі болды

16 ақпан 2021, 17:16

Елорда салынып жатқан биік қабатты үйдің төбесіне кранмен сиырдың шығарылуына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг жүргізу барысында елордалық полицейлер сиырды мұнара кранымен көтеру фактісін анықтады. Оқиға 15 ақпан күні сағат 11-30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған.

«Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады. Салынып жатқан аталған құрылыс учаскесінің бастығы Олжас Есеналин сиырды құрбандыққа шалып, етіп мұқтаж адамдарға таратпақ болғандықтарын айтады.

«Мен салынып жатқан учаскенің бастығымын,аты-жөнім – Олжас Есеналин. Осы оқиға қатысты қоғамнан кешірім сұраймын. Ниетіміз адал. Бұл құрбандық болатын, етін аз қамтылған отбасыларға таратпақ едік», — деді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде