jasqazaq.kz

Елордада саябақтар ашылып, қыдыруға рұқсат берілді

11 мамыр 2020, 18:56

Карантин күшінде қалған елордада тұрғындар саябаққа шығып, қыдырып, серуендей ала ма? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жауап берді.

«ҚР Президентінің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 20 сәуірінде өткен тапсырмасын жүзеге асыру аясында 250 мыңға жуық адам жұмысын қайта бастап кетті. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес азаматтар тұрған жерінне міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сыртқа шыға алады», — деді Бақтияр Мәкен ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қала әкімінің орынбасарының айтуынша қазіргі таңда шаһардағы саябақтардың бәрі де ашық.

«Парктерге, аумақтарға, бақтарға баруға болады. Өзен жағасымен де қыдыруға рұқсат. Бірақ үш адамнан артық жүрмеу керек. Маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған абзал. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, саябақта қыдыруға болады», — деді Бақтияр Мәкен.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық