jasqazaq.kz

Елордада сәбиімен бірге 12-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

23 қазан 2021, 14:52

Нұр-Сұлтан қаласында кішкентай сәбиімен бірге 12-қабаттан секірмек болған әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 қазан күні сағат 17.30 шамасында болған.

«Кубрин көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов қолында баласы бар әйелдің биік ғимараттың 12 -ші қабатындағы балконнан секіргелі тұрғанын байқайды. Әйел балкон жақтауына аяғын артып отырған.

Полиция қызметкері шұғыл әрекет етіп, кіреберіске жүгіріп барып, 12-қабатқа көтеріледі. Әйелдің өзін байқамағанын есік саңылауынан көз жеткізіп алған полицей ұмтыла жүгірген қалпы оны шап беріп ұстап, кері тартып алған», – делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, 21 жастағы жас келіншек отбасындағы жанжалдан кейін ауыр әрекетке баруға бел буған. Оның қолында 1,5 жастағы сәбиі болған.

«Сол күні күнделікті ауысымнан кейін демалыста болғанмын. Балабақшадан балаларымды алып келе жатып, ауладағы шулаған тұрғындар дауысын естідім. Қарасам, сәби ұстаған әйел адам балкон жақтауына шығып алған екен. Мен ойланып жатпастан, кіреберіске қарай тұра жүгірдім. Сол кезде куәгерлердің бірі менімен бірге лифтке жүгірді. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, мен әйелді дер кезінде ұстай алып, ішке сүйреп кіргіздім», — дейді Қайрат Нариманов.

Жас ананы шарасыз халге түсірген күйеуінен қорғау туралы ұйғарым шығарылып, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде