jasqazaq.kz

Елордада полицейлерден қашқан КамАЗ жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

20 қараша 2020, 17:36

Полицейлерден қашқан «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісін қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 қарашада 32 жастағы жүргізушіге билік өкіліне тіл тигізгені үшін ҚР ҚК 378-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жүргізуші әкімшілік кодекстің бірқатар бабы бойынша жауапқа тартылды. Жалпы азаматқа алты бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жыл көлік жүргізу құқынан айырылды. Еске сала кетсек, 19 қарашада Айнакөл көшесінде полиция «Камаз» жүргізушісінің телефонмен сөйлесіп бара жатқанын байқап қалған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатып алып, жүргізуші куәлігін талап еткен. Алайда жүргізуші талапты елемей, көлігін жүргізіп кете берген. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, т әртіп сақшылары көлікпен «КамАЗ» жүргізушісін қаладан шыққанша қуалаған. Ақыры жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Жүргізуші елорданың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия