jasqazaq.kz

Елордада пәтерді жөндеп жатқан жұмысшы сейфті 7-қабаттан лақтырып жіберген

25 тамыз 2021, 14:09

Пәтерде жөндеу жұмыстарын істеп жатқан жұмысшы сейфті бұзып аша алмаған соң терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызетіне сілтеме жасай отырып.

Криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні ұстады. «Тергеу барысында анықталғандай, әйел адам пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшыны шақырған. Жұмыс істеп жүріп жас жігіт балконда тұрған сейфке көзі түседі. Түрлі құралмен оны бұзып ашпақ болады, бірақ бұл әрекетінен түк шықпайды. Ішінде ірі көлемде ақша бар деп ойлап, күдікті сейфті 7-қабаттан терезеден лақтырып жіберіп, өзі тез арада пәтерден шығып кеткен. Сейф түскен жерге келіп, оның ашылмағанын көріп, күдікті оқиға орнынан қашып кетеді», — деп хабарлады ведомстводан. Оқиғаның куәгерлері полиция шақырған. Анықталғандай, сейфте құжаттар мен 4 500 АҚШ доллары болған. Қазір ұры ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, айғақтар тәркіленді. Ер адамның бұған дейін елордада болған осындай басқа оқиғаларға қатысы бар ма тексеріліп жатыр. Бұған дейін оның ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия