jasqazaq.kz

Елордада отшашу атқан тұрғынға қомақты айыппұл салынды

04 тамыз 2020, 13:01

Нұр-Сұлтанда әуе-десант күштері күнін отшашумен атап өткен тұрғындарға қомақты айыппұл салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түнде Шұбар шағын ауданы тұрғындарының мазасын көршісі алған. Ол жер үйдің аумағында әуе-десант күштері күнін тойлаған. 32 жастағы елордалық тұрғын түнде отшашу атып, әкімшілік кодекстің бірнеше бабын бұзған», — делінген хабарламада.

Полиция тұрғынды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы («Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану»), 437-бабы («Тыныштықты бұзу»), 434-бабы 2-тармағы («Қоғамдық орынды ластау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық