jasqazaq.kz

Елордада митинг өткізуге болатын орындар белгіленді

08 маусым 2020, 12:03

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ орындарды немесе жүру маршрутын белгіледі. Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды.

Аталған құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр. Біріншісі, аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ. Екіншісі, мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң. Үшіншісі, аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды. Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы – 2055 метр. Бағыт Абая даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасады. Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық