jasqazaq.kz

Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып тастады (видео)

18 сәуiр 2021, 8:56

Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, 16 сәуір күні 01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан. «Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды» делінген хабарламада.

https://youtu.be/0cP3DNxPOdo

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия