
Елордада жол ережесін өрескел бұзған мас жүргізушіні басқа көліктегілер түсіп келіп тоқтатпақ болған. Алайда олардан қашпақ болған мас жүргізуші алдындағы көлікті соғып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше сағат 21.49-да елорданың Мәңгілік ел даңғылында болған. «Toyota» маркалы көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған. Жүргізушіні тоқтатпақ болған елорда тұрғындарының бірі қарсылыққа тап болды. Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция экипажы жүргізушінің құжатын тексеру кезінде көлік салонынан ішімдіктің иісін бұрқырап тұрғанын байқаған. Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Көлікті мас күйде жүргізген ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша, жүргізуші он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram