jasqazaq.kz

Елордада мас күйде көлік жүргізген жасөспірім ұсталды

19 қазан 2020, 12:45

Елордада көлікке мас күйде отырған жасөспірім ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«17 қазанда сағат таңғы бесте полиция Абай даңғылында кәмелетке толмаған жүргізуші жүргізіп келе жатқан KIA CADENZA автокөлігін тоқтатты. Оны тексеру кезінде баладан алкогольдің иісі байқалған. Алайда жас жүргізуші алкогольдік ішімдік ішпегенін айтты. Кәмелетке толмаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 8-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Сонымен қатар бұған дейін жас жігіттің мас күйінде қоғамдық орындарға жүргені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды», — деп хабарлайды департаменттен.

Жасөспірімнің заңды өкілі де әкімшілік кодекстің 440-бабы 3-бөлігі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалды шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Жалпы демалыс күндері полиция қызметкерлері жүргізушілердің мас күйде көлік жүргізуінің 7 фактісін тіркеген.

«Сенбі күні сағат түнгі бірде 37 жастағы жүргізуші мас күйде «NISSAN NP 300» автокөлігін жүргізіп келе жатып, «LEXUS GS 300» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталмыш жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 608-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды», — деді департаменттен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия