jasqazaq.kz

Елордада мас адам жарақатын емдемек болған дәрігерге тап берді

21 тамыз 2019, 16:41

Ішімдікке сылқия тойған ер адамды сол кезде келіп жеткен полиция қызметкерлері тоқтатты. Бұл туралы елордалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«21 тамызда сағат 03.15-те Жедел жәрдем кезекші бригадасы шақыртудан келе жатып, станцияға жақындап қалған кезде, оларды екі адам тоқтатып, жүретін бөлікте жаралы ер адам жатқанын, оған медициналық көмек қажет екенін айтқан. Бригада көрсетілген жерге барады. Ер адам жүргінші бөлікте жатты, есі бар. Сырттан қараған кезде басында жара бар, жоғарғы ерні жыртылған, бет-ауызы қан-қан болды. Қасында оның жолдасы тұрды. Екеуі де мас», — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасында.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, фельдшерлер алғашқы көмек көрсете бастады. Сонымен қатар, болған жағдай туралы 102 және 103 пультіне хабарланды.   «Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету барысында ол балағатай бастады: «Сендер кімсіңдер?» деп айғайлады. Жат қылық, агрессивті мінез көрсетті. Тыныштандырмақ болған әрекет сәтсіз болды. Оған қажетті медициналық көмекті көрсете алмадық. Ер адам орнынан атып тұрып, жедел жәрдем каретасын жұдырығымен ұрғылап, машинаны тебе бастады. Жүргізуші ескерту жасап, оны тыныштандырмақ болғанда, ол оған қарсы ұмтылып, жеңіл дене жарақаттарын салды. Сол уақытта мас ер адам машинаның ішіне кіріп, мәселені шешпек болды, бұзақыны машинадан сол кезде келіп жеткен полиция қызметкерлері қолына кісен салып алып шықты. Фельдшерлер сол кезде ғана оған толықтай медициналық көмек көрсете алды. Жарасын өңдеп, таңып берді. Осы уақытта бұзақының досы жай ғана бір орында бақылап тұрды», — деп баяндады Денсаулық сақтау басқармасындағылар.   Болған жағдайдан кейін ер адам мен жедел жәрдем бригадасын полицей учаскесіне алып келді. Жедел жәрдем жүргізушісі арыз, ал фельдшер түсініктеме жазды. Полицей учаскесінде олар шамамен 3 сағат болды.

baq.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді