jasqazaq.kz

Елордада мас адам автобусты айдап кеткен

03 ақпан 2020, 16:37

Елордада маршруттық автобусты ұрлап, айдап кеткен ер адам ұсталды.

«3 ақпан күні сағат 07:06-да «102» нөміріне маршруттық автобус жүргізушісінен шағым келіп түсті. Жетіген, 34 мекенжайында белгісіз ер адам «MAN SL» маркалы автобусты айдап әкеткен. Жүргізушінің айтуынша, таңертең автобусты оталдырып, қыздыру үшін уақытша қалдырған. Ол диспетчер бөліміне кіріп шыққанша, кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жолаушылар автобусын айдап әкеткен», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті. Бірақ, мас адам алысқа ұзамаған. Оны тәртіп сақшылары сағат 7:18-де бейнебақылау камералары арқылы оны Республика даңғылы мен Ы. Дүкенұлы көшесінің қиылысында ұстады. «Медициналық тексеру барысында, 28 жастағы тұрғынның алкогольді ішімдікке орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — дейді департаменттің баспасөз қызметі.

 inform.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия