jasqazaq.kz

Елордада малын иесіз жіберген тұрғын жазаланды (видео)

16 қыркүйек 2020, 18:24

Елорда маңында ірі қарасын иесіз жіберген тұрғын айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетсек, бұған дейін Үркер ауылында тұратын Әсет Биғалиев есімді Facebook қолданушысы үйінің маңына ылғи Қараөткел ауылынан сиыр түсіп, баптап өсірілген көк шөпті жеп, маңайды былғап кететінін жазған еді.

Жазба авторы осы шағыммен қызықты видео да қалдырып, «iKomek» қызметінен көмек сұраған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті малдың иесіз жайылу фактісіне байланысты шара қабылданғанын хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық ПД жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғаушы сақшылары Шығыс Ильинка ауылының Доспамбет көшесінде 8 бас сиырдың иесіз жайылып жүргенін анықтады. Жедел шаралардың арқасында ол малдың иесі табылды. Ол Әкімшілік кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды» деп хабарлайды полиция департаментінен.

Мал иесіне бұл жағдайдың қайталанбауы керектігі туралы ескертілді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде