jasqazaq.kz

Елордада ломбард тонаған күдікті ұсталды

04 қараша 2021, 16:05

Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ломбарды тонады деген күдікпен 26 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі уақытта ломбардта болған жігіт құны 120 мың теңге тұратын алтын сақина сатып аламын деге желеумен оны көрсетуді өтінгені анықталды. Зергерлік бұйымдарды ұстап тұрып, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін ол сақинаны басқа ломбардқа өткізіп жіберген, оны полиция қызметкерлері тәркіледі. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде