Елордада ауа-райының күрт салқындауына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің деректері бойынша 3 мамырда күндіз найзағай болуы мүмкін екендігін хабарлайды. Оңтүстік батыстан тұрған жел, солтүстік батысқа ауысады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.
4 мамыр күні түнде жаңбыр (жаңбыр, қар) жауады, солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.