jasqazaq.kz

Елордада кран құлады

19 ақпан 2022, 13:25

Елордадағы Тұран даңғылы бойындағы үйдің маңында кранның құлауы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті тексеру жүргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тексеру нәтижесінде мұнаралы кранның құлауының себебі мен жағдайы анықталады. Тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылдау үшін материалдар қалалық Полиция департаментіне жолданады», — деп хабарланды елорда әкімдігі баспасөз қызметінен. Әкімдік тапсырмасы бойынша тиісті комиссия құрылмақ. Оның құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі салалық комитетінің өкілдері мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары енетін болады. Комиссия техникалық талаптарға сай келмейтін мұнаралы крандарды тексереді.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде мұнаралы кранның құлағаны туралы ақпарат тарады. Әзірге, нақтыланбаған ақпарат бойынша оқиға орнында жұмысшы көз жұмған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде