jasqazaq.kz

Елордада көше қиылысында билеген қызға түсіндіру жұмыстары жүргізілді (Видео)

06 тамыз 2021, 11:05

Елордадағы Керей-Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында би билеп, Іnstagram-да қызу талқыланған бойжеткенмен полиция өкілдері түсіндіру жұмысын жүргізді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспаөз қызметінің хабарлауынша, «102» арнасына бұл оқиға туралы хабар кешкі сағат 21.03-те түскен.

«5 тамыз күні сағат 21.03-те «102» арнасына Керей-Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында бейтаныс қыздың үш сағаттан бері билеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қыздың кім екенін анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді», — деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Іnstagram -дағы видеолардан бойжеткеннің өз әрекетін «ешбір заңға қайшы емес» деп есептейтінін көруге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QARAKZ 🇰🇿 (@qarakz)

Дегенмен полиция бұл жолдағы көлік жүргізушілердің назарын аудару арқылы апат жағдайын туғызуы ықтимал деген ұстанымда.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жүргізушілердің назарын аудармау керектігін ескертеді», — деп жазылған ресми мәліметте.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия