jasqazaq.kz

Елордада көпқабатты үйге кранның құлауы бойынша тексеру аяқталды

30 мамыр 2022, 11:37

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көркем Тауэр» тұрғы үй кешенінде болған төтенше оқиғаны тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырған болатын. «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия, оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады» , — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметінен.

Кран иесіне айыппұл салынды.

«Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері кранның иесін қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты», — делінген мәліметте.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр