jasqazaq.kz

Елордада көлігін жол бойында қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салына бастайды

22 сәуiр 2022, 13:57

Бүгіннен бастап елорда аумағында көлігін жол бойында қалдырып кететін жүргізушілерге айыппұл салу басталады. Айыппұл салу қала көшелерін аралап жүретін 2 көліктің ішіне орнатылған арнаулы аппарат арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бүгіннен бастап елорда аумағында сертификаты бар «Дозор М» автоматтандырылған аппарат жүйесі енгізіледі. Бұл аппараттың көмегімен жол бойында екінші қатарда тұрған көліктерге жол белгілерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы ұйғарым рәсімделеді Мәселен, кейбір жүргізушілер Түркістан көшесі бойы жолында екінші қатарға көліктерін қояды. Немесе көлік қоюға болмайтын белгі тұрғанына қарамастан жүргізушілер көліктерін қалдырып кетеді. Осылайша басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Аялдамаларға тоқтайтын көлік иелеріне де айыппұл жазылады», — деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоғжұманов.

Оның атап өтуінше, жаяу жүргішілерге арналған жолаққа да көлігін қойған жүргізушілерге де айыппұл салынатын болады. Айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

«Әзірше, қала көшелерінде мұндай аппаратпен жабдықталған 2 көлік қатынайды. Алдағы уақытта олардың саны ұлғайтылатын болады. Осы ретте айта кетерлігі, айыппұлдан түскен қаражаттың барлығы қала бюджетіне түседі», — деді полиция подполковингі.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр