jasqazaq.kz

Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды (Видео)

18 қазан 2021, 16:47

Елорда аумағында жасырын құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

«Елордалық полиция қызметкерлері жүргізген арнаулы операция барысында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жасырын заңсыз құмар ойынын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Топ құрамына осындай қылмыстарды жасағаны үшін бұрын сотталған адамдар кіргені анықталып отыр», — делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері топтың нақты иерархиясын, қылмыскерлердің өзара рөлін әшкереледі.

«Біреулері алдын ала сөз байланысқан ойыншылар мен дилерге жауапты болса, енді бірі арнайы белгіленген карта және орын-жаймен қамтамасыз етіп отырған. Ал үшіншісі әлеуеттік ойыншыларды іріктеумен айналысқан», — деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Қылмыстық топты құмар ойының үстінде ұстауға бағытталған операция қаладағы кез келген адам кіре алмайтын орынның бірінде жүргізілді. Полиция қызметкерлері тінту барысында ірі сомадағы ақша, құмар ойын ойнауға қажетті атрибуттар, оның ішінде арнаулы техникалық құралдарды тәркіледі. Қазіргі уақытта қылмыстық топты ұйымдастырушы және оның мүшелері ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия