jasqazaq.kz

Елордада қылмыстық топ мүшесі қолға түсті (видео)

21 қантар 2020, 14:40

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. 2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ҰҚК «А» АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы («ТҚҚ әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады. Көрсетілген адам Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақшалай қаражат аударумен айналысқан.

Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, 2019 жылғы 10 қыркүйекте елордада арнайы операция жүргізілген болатын, оның барысында көрсетілген топтың жетекшісі мен мүшелері ойдан шығарылған борыш есебінен қорқытып алу нәтижесінде кәсіпкерден «Toyota» маркалы автомашинаны алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталған.

Ұстау кезінде фигуранттардан «Макаров» жауынгерлік тапаншасы мен оған 11 ок және 5 оғы бар травматикалық тапанша тәркіленді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде