jasqazaq.kz

Елордада қандала қаптады (видео)

01 тамыз 2018, 12:12


Қандала талады. Астанада жатақхана тұрғындары жәндіктердің шабуылына шыдас бермей, бөлмелерін тастап қашудан басқа амал таппай отыр.

Ал елорданың төрінде заңсыз бизнестің көзін тапқан кәсіпкер болса ешбір шара қолданбай, жалға алушылардың шағымын тыңдаудан бас тартқан. Бас көтерген отбасылар әділдік таппай әлек болса, барар жер басар таулары жоқ басқа тұрғындар амалсыз үндемей көнуге мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Қандала басқан коттедж. Астананың қақ ортасында орналасқан мына үйдің мәселесі шаш етектен. Бұл жерге көшіп келген тұрғындар әрі кетсе бір ай ғана уақыт тұрады. Себебі қандала мазамызды алып бітті дейді. Ақшаларын қайтарып алайын десе, үйдің иесі байланысқа шықпай отыр. Комендант болса, ұнамаса шығып кетіңдер, қаражаттарыңды қайтармаймыз деп қысқа қайыруда.
«Первого клопа нашла я здесь. Это кухня. Навела здесь порядок. Тут все топит».
Анна мен Анатолийдің қуанышы осылайша ұзаққа созылмады. Қалталары көтеретін, жөндеуі жақсы бөлме таптық дегені бекер болып шықты. Алғаш орналасқаннан-ақ қандаланың қоршауында қалған. Түнімен балаларын шағып тастамас үшін жарықты өшірмеген олар комендатқа шағым айтқан. Тіпті арнайы қызметке барыпты.
«Санитарлық эпидемиологиялық орталыққа барғанымызда қандалалар тек түнде шығады, улау керек деп кеңес беріп шығарып салды. Ал мұнда бұл жәндіктердің қаптап кеткені соншалық, мезгіл талғамай жүре беретін сияқты. Улау үшін арнайы компаниялардың қызметіне жүгіндік. Бірақ одан пайда болмады. Енді, міне, күйеуім екеуіміз кезектесіп дәрі шашамыз» — дейді қала тұрғыны Анна Ванюк.
Бұл жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұру үшін айына бір адамға 45 мың теңге төлеу керексің. Осылай төлем жасап отырған отбасылардың саны 20-дан асады. Бірақ қожайындары ешбір құжат не түбіртек бермейді екен. Яғни, ұнамай қалсаң, не шағым айтсаң мезгілге қарамай қуып шығады. Себебі, тұрғындардың қолында бір де бір құжат жоқ.
«Біз бұл жерде бір күнде тұрған жоқпыз. Туыстардың үйін паналауға мәжбүр болдық. Жатақхана болғасын қоғамдық тазалық, санитарлық талаптар сақталуы керек қой! Елдер ақшасын төлеп тұрып жатыр ғой десек, осы жердің басшылары біздің ескертпемізге назар аудармайды. Амалдың жоқтығынан өзіміз заттарымызды болсын тамазалап алу үшін барымызды салып жатырмыз» — дейді қала тұрғыны Анатолий Ванюк.
Амалы таусылған Анна мен Анатолий көршілерден жөн сұраған. Бірақ, бәрі келісіп алғандай жұмған ауыздарын ашпай отыр. Тіпті түсірілім тобымен сөйлесуден де бас тартты. Енді төленген ақшадан бұрын Валюктер отбасы дүние мүлкімізді қайтеміз деген уайымдайды. Себебі, қандала шкаф, диваннан бастап барлық киімдеріне кіріп алған.
«Көршінің қызын көрдім. Үсті басының бәрін шағып тастаған. Қып-қызыл болып бөрітіп кеткен. Денесінде сау жер жоқ. Анасына барып айтсам, жоқ-жоқ бұл тек аллергия деп есігін жауып алды. Барлығы үндемейді. Неден қорқатындарын білмеймін. Әлде мына жерден қуып шығады деп ойлай ма? Белгісіз» , – дейді қала тұрғыны Анна Ванюк.
Осы жердің ақтаушысы да айыптаушысы да бір адам. Ол — комендант. Шағым айтқан тұрғындарға қайда барып шағым айтсаңдар да бізге бәрібір деп қысқа қайырады екен. Келіспегендер қаражатын ала алмай басқа жаққа көшуге мәжбүр. Қалған бөлігі қандалаға таланып, осы жерді паналаудан басқа амалдары жоқ.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді