jasqazaq.kz

Елордада іздеуде жүрген 13 жасар қыз түнгі клубтан табылды

14 ақпан 2022, 11:16

Нұр-Сұлтанда «102» арнасына қала тұрғынынан 13 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жасөспірім қызды іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Сол күннің ертеңінде қыз бала әжесінің үйіне барғаны белгілі болды. Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлері анықтағандай, түнгі сағат 22.00-ден 02.00-ге дейін ол достарымен Бөгенбай батыр даңғылындағы түнгі клубтардың бірінде «party» ұйымдастырған.

«Кәмелетке толмаған қыз баланың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүргені үшін ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Сол сияқты, мұндай оқиғалар қайталанбас үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Клуб иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Демалыс күндері полиция қызметкерлері заңды өкілдерінсіз үйінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 18 баланы анықтады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», — делінген қалалық Полиция департаменті хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде