jasqazaq.kz

Ішімдікке сылқия тойған 18 жастағы жігіт лифтіні бүлдірді (видео)

17 шiлде 2021, 15:38

Елордада ішімдік ішкен 18 жастағы жігіт үйдің лифтісінде мониторды сындырып, лифт қабырғаларын бүлдірген. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында оғаш қылық бейнеленген видео анықталды.

Онда жас жігіттің үйдің лифтісіне кіріп, мониторды сындырып, лифт қабырғаларын бүлдіргені түсіп қалған.

Оқиға биылғы жылдың 16 шілдесінде кешкі уақытта «Каминный» тұрғын үй кешенінде болған.

Аталған факті бойынша күдіктінің ішімдікке тойып алып, үйіне келе жатқан 18 жастағы елорда тұрғыны екені белгілі болды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін тәртіп бұзушы ӘҚБтК 440-бабы бойынша жауапқа тартылды.

https://youtu.be/EMnFgKriqO4

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия