jasqazaq.kz

Елордада инклюзивтік білім орталығы ашылды

29 ақпан 2024, 16:21

«Міне, мен жасап жатырмын. Менің қолымнан келеді. Мама, сіз қарап тұрсыз ба?». Бұл арнайы құрал-жабдық (Гросс тренажері) арқылы қимыл-қозғалысқа арналған түрлі жаттығуларды орындаған 11 жастағы Арайдың қуанған сәттегі сөзі.

Dara-Inclusion жобасының жетекшісі Сәуле Бексұлтанова Жамбыл облысы Қордай ауылындағы орталықтың ерекше қажетілігі бар жеткіншекке зор сенім сыйлағанын айтады. Бір жылдан бері осы орталыққа келіп жүрген Арай енді мамандардың көмегімен мектепке баруды мақсат етіп отыр. Аталған жобаны қолға алған Dara қайырымдылық қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға тек психологиялық, педагогикалық көмек қана емес, сонымен қатар, олардың 18 жасқа дейін үздіксіз жетіліп, дамуы үшін инклюзивтік білім беруді іске асырды.

Осындай жобаларға қолдау көрсететін «Шеврон» компаниясының баспасөз қызметінен jasqazaq.kz сайтына хабарлағандай, бұл жетіде Елордада инклюзивтік білім беру ресурстық орталығы ашылды. Dara қоры ашқан Ресурстық орталық ерекше білім алуға қажетілігі бар балаларды жалпы оқу үрдісіне қамту үшін жағдай жасауды көздейді. Астанадағы №43 Қосымша білім беру мектеп-орталығында орналасқан орталық мұғалімдерге оқу процесінде инклюзия қағидаларын жүзеге асыруға көмек береді. Сондай-ақ ерекше білім алуға қажеттіліктері бар шәкірттерге мектепте кедергісіз әлеуметтік орта қалыптастырады. Мұндай орталықта балалармен жұмыс істеу, олардың ата-анасына түрлі кеңес беру жағы ескерілген. Бұған қоса, мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық дайындауға да болады.

Жалпы білім беретін мектепке баратын ерекше қажеттіліктері бар балаларға көбіне мамандардың қолдауы, олардың белгілі бір уақытта демалуы мен тынығуы қажет. Ресурстық орталық ашылған кезде мұның бәрі, яғни,логопед, психолог, дефектолог және өзге педагогтардың балалармен жұмыс істейтін кеңістіктің болуы ескеріледі. Жағдай жасалса, балалардың оқу үрдісіне араласуы да оңай болмақ.

Инклюзивтік білім беретін ресурстық орталықтың тағы бір тиімді тұсы бар. Атап айтқанда, жетілуі ерекше балалармен жұмыс істейтін жалпы пән мұғалімдері де осында қажетті кеңес алады. Сонымен қатар, үйде отырып оқитын балаларды әлеуметтендіру ісі қолға алынған.

Жаңа ресурс орталығы арнайы жиһаз және балаларды дамытып, жетілуіне көмектесетін жабдықтармен жарақтандырылыған. Қазір мамандар ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті қолдау мен көмегін көрсетеді.

Талап Тілеген

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде