jasqazaq.kz

Елордада инкассатор ақшасы бар кейсті далада ұмытып кеткен

23 қараша 2021, 14:14

Елордада инкассатор ішінде ақша бар кассетаны терминал жанында қалдырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сағат шамамен 09:40-та «Шапағат» сауда үйінің жанынан өтіп бара жатқан қала тұрғыны көше бойындағы «РТВМ терминалының» жанында жатқан пластмасса кейсті байқаған. Ол бірден 102 операторына қоңырау шалып, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

«Ішінде 290 мың теңге ақша қаражаты бар кассетаны «City Transportation Systems» ЖШС-нің қызметкері алаңғасарлығынан ұмытып кеткен. Табылған зат полицияға жеткізіліп, кейінірек көлік компаниясына табысталды. Елорданың Полиция департаментінің басшылығы қала тұрғынына адалдығы әрі белсенді азаматтық ұстанымы үшін ризашылық білдірді», — делінген ведомство ақпаратында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық