jasqazaq.kz

Елордада гүрілі қатты автокөліктерге айыппұл салынды

28 шiлде 2019, 16:33

«Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында екі күннің ішінде елорда полицейлері жолдағы қозғалыс кезінде қатты гүрілдеген дабыс шығарып жүретін 50 көлікті, яғни қозғалтқыштарындағы дабыс бәсеңдеткіші жоқ автомобильді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қауіпсіз жол» барысында рейд жүргізіліп жатыр. Осы орайда жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау мен жолдағы тәртіпті сақтауға екпін қойылды. Сонымен қатар, техникалық реттеу саласында ескерілген регламенттер мен стандарттарға жауап бермейтін көлік құралдарын да анықтауға назар аударылды. «Екі күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ереже бұзған осындай 50 жүргізушіні анықтады. Бұл тұрғыда аталған көліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада. Көліктердегі кемшіліктерді жойғанша дейін оларды пайдалануға тыйым салынды. Полицейлердің айтуынша, негізінен 2000 жылға дейін шығарылған БМВ, Субару және ВАЗ маркалы автомашиналарының қозғалтқышының дыбысы қатты гүрілдеген. Бұған қозғалтқыштан шығатын дыбысты бәсеңдеткіш жүйесінің талаптарға сай болмауы әсер етуде. Атап айтқанда, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда