jasqazaq.kz

Елордада Есіл өзеніне батқан ер адам құтқарылды

12 маусым 2019, 16:50

Астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері Есіл өзеніне батқан ер адамды құтқарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«12 маусым күні сағат 11.28-де «112» жедел нөміріне Жедел басқару орталығынан Сана ТК қарама-қарсы Есіл өзеніне бір адамның суға кеткені жөнінде хабарланды», — делінген ресми хабарламада. Оқиға орнына сол маңда патрульдеп жүрген Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушысы катермен жіберілген. Нәтижесінде құтқарушылар — Абылайхан Өмірбаев, Ержан Қабылов және Дәурен Қайыров суға кеткен ер адамды тапты. А. Өмірбаев суға секіріп, ер адамды катерге жеткізді. Е.Қабылов пен Д.Қайыров есінен танған тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы бірқалыпты, ауруханаға жатуды қажет етпеді. Кейінірек анықталғандай, 1975 жылы туған ер адам өзен жағасында спиртті ішімдік ішкен және шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Судың ағысына төтеп бере алмай, бата бастаған. Құтқарушылар жедел әрекет ету арқылы қайғылы оқиғаның алдын алды.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде