jasqazaq.kz

Елордада ер адам тыр жалаңаш велосипед теуіп жүрген (Видео)

29 маусым 2021, 12:16

Елорда көшесінде үстінде киімі жоқ ер адам көшеде велосипед теуіп жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, таңғы сағат 07.14-те «102» арнасына Есіл өзенінің жағалауында тыр жалаңаш ер адамның велосипедпен кетіп бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Дереу оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ішімдікке мас күйдегі азаматты ұстады. Оның үстінде киімнен тек аяқ киімі ғана болған.

«42 жастағы құқық бұзушының айтуынша, ол түнгі уақытта танысымен өзен жағалауында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындау үшін өзенге түскен. Ал судан шыққан кезде жағалаудан киімін таппай қалған. Танысы киімдерін алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ер адам кездесуге келген автомобилінің багажынан велосипедін алып, Бараев көшесі бойындағы үйіне жетпек болған. Ұсталған азамат алкогольге мас болғандықтан көлік руліне отырмағандығын айтып отыр», — деді департаменттен.

ҚазАқпарат хабарлағандай, қоғамдық орында ішімдік ішкені және қоғамдық тәртіпке кереғар әрекетке барғаны үшін ер адамнынң үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440, 434-баптарымен әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды және айыппұл төлейтін болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия