jasqazaq.kz

Елордада енесімен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

08 желтоқсан 2020, 12:33

Елордалық тұрғын үнемі ішімдік ішіп, отбасылық жанжал шығарып отырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«102» каналына егде жастағы әйелден күйеу баласы отбасылық жанжал шығарып, ер адамның өзі даудың шиеленісуіне итермелейді деген хабарламалар бірнеше рет келіп түсті. Бір жыл ішінде учаскелік полиция инспекторы 41 жастағы төбелескіш азамат бірнеше рет ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, сот ер адамға қатысты тәртібіне үш рет ерекше талап қойды. Алайда, бұл шаралар күйеу бала мен ене арасындағы қайшылықты сөндіре алмады. Ер адам ішімдік ішуін және егде жастағы әйелмен жанжалдасуын қоймай, оған психологиялық жәбір көрсеткен. Кезекті жанжалдан кейін учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 3 тәулікке қамауға алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде