Елордада енді бесінші аудан пайда болады

30 қараша 2022, 12:37


Астана қаласы қазір Сарыарқа, Алматы, Есіл және Байқоңыр сияқты төрт ауданнан тұратыны белгілі. Таяу болашақта жаңа, бесінші аудан пайда болуы мүмкін.

Астана — қарқынды дамып келе жатқан қала. Сондықтан халықтың жыл сайын өсіп отырған сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа аудан құруды, сондай-ақ оның шекарасын айқындауды қарастыратын қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында талқылау үшін жарияланды.

Қала әкімдігі дайындаған жобада айтылғандай, жаңа ауданның шекарасы 19336 гектарды құрайтын болады. Оның аумағы Есіл өзенінің бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағымен және Қарқаралы тас жолының батыс жағымен оңтүстік шекараға дейін созылмақшы. Осыған орай Есіл ауданының аумағын екі ауданға бөлу жоспарланып отыр екен.

Жалпы Астананың даму перспективасы әрдайым қала тұрғындарының қатысуымен талқыланып, шешім қабылданар тұста көпшіліктің ұсыныс-тілектерінің ескерілетінін айта кету керек. Жобаны әзірлеушілер әрбір ұсынысты назарға алып отыр. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, биыл 2035 жылға дейінгі Қаланың Бас жоспарының жобасын талқылау 15-18 қараша аралығында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС ғимаратында өтті. Онда болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы туралы айтылды. Сондай-ақ, жалпы қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу және т. б. мәселелер кеңінен талқыланды. Талқылау барысында барлық ұсыныстар мен ескертпелер қабылданды. Жалпы қалада қолға алынып атқарылатын шаруаның барлығы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталатыны белгілі.

Абзал Ибрагим,
Астана

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді