jasqazaq.kz

Елордада дератизациялау жұмыстары басталды

04 сәуiр 2022, 19:02

Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «AG Disinfection services» ЖШС-мен бірлесіп қала бойынша дератизациялық іс-шараларды өткізу бойынша көктемгі турды бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен компаниямыз бірлесіп, дератизациялау жұмыстарын бастайды. Дератизациялау жұмыстарына жеке секторлар, ашық аумақтар қамтылатын болады. Жеке секторлардың тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады. Сол сияқты қауіпсіздік нұсқаулары көрсетіледі», — дейді «AG Disinfection services» ЖШС директоры Айжан Оразова.

Басқарманың хабарлауынша өздеріне тиесілі аумақтар уақытылы өңделуі тиіс.

 

«ПИК, МИБ, ШОБ, құрылыс компаниялары дератизациялық жұмыстар бойынша келісімшарттарға отыруы тиіс. Ал 1 сәуірден бастап өздеріне тиесілі аумақтарды өңдеу жұмыстарын бастауы тиіс», — дейді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Азамат Жанатаев.

Көктемгі тур барысында 25 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр.

Ал ашық аумақтарда өңдеу 2022 жылғы 9-31 мамыр аралығында басталады. Улы жемдер саябақтарда, өзендерде, каналдарде, су қоймалары мен зираттарда жиналады. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3112 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген Бромадиолон және Бродефор препараттарын қамтитын дәнді улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық