jasqazaq.kz

Елордада бойжеткен қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адам ұсталды

16 қараша 2020, 10:43

Елордалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша оқиға сағат 22.00-де болған. Белгісіз ер адам артынан жүгіріп келіп, жерге құлатпақшы болған және қолынан ұялы телефонын тартып алғысы келген. Көмек сұрап айқайлаған дауыс өтіп жатқан адамдардың назарын аударған. Қылмыскер қорыққаннан оқиға орнынан қашып кеткен. Тонау жасауға оқталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына тез арада барды. Жедел іздестіру барысында күдікті ұсталды. Жапа шеккен бойжеткен полицияға жеткізілген күдіктіні таныды. Тергеу жүргізу барысында күдіктінің бұрын екі әйел адамға шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға ұқсайтыны анықталды. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, кешке жақын үйіне келе жатқанда белгісіз адам басынан бірнеше рет ұрып, қолынан ноутбугын, жеке заттары салынған сөмкесін, ұялы телефонын тартып алған. Содан соң белгісіз бағытқа қашып кеткен. Екінші жәбірленушінің айтуынша, үйіне қайтып келе жатқанда қарсы келе жатқан ер адам қасынан өтіп кетіп, кенеттен артқа бұрылып, ұялы телефонын тартып алған. Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Жасаған іс-әрекетін мойындады. Әйелдердің бірінің ноутбугын және жеке заттарын жерге көміп, тығып қойған. Ұсталған адам Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия