jasqazaq.kz

Елордада бірнеше пәтерді тонаған күдікті қолға түсті (Видео)

17 ақпан 2022, 17:01

Нұр-Сұлтан қаласында 31 жастағы ер адам екі пәтерді тонап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полицейлері ер адамды ұстады, ұрланған мүлік толығымен тәркіленді.

«Күдікті күндізгі уақытта Күйші Дина көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 2-қабатынан кіріп, екі күзен тонын ұрлап алып шыққан.

Содан араға төрт күн салып ол таңғы уақытта Маяковский көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге пластикалық терезесі арқылы кіріп, мүліктеріне қол салған. Ұрланған заттардың ішінде зергерлік бұйымдар, ноутбуктер, ұялы телефондар, күзен тондары, ақша қаражаты болған.

Қазіргі уақытта ер адам ұрлық жасағанын мойындады, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктіге қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерден қырағылық танытуларыңызды сұраймыз. Жеке мүлікті ұрлау қылмыстың ең көп тараған түрі болып табылады. Пәтер ұрыларының құрбаны болмас үшін пәтерлеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар, жеке үйлердің иелеріне тұрғын үйді күзет дабылымен жабдықтауды ұсынамыз», — деп хабарлайды Полиция департаменті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде