jasqazaq.kz

Елордада бір тәулікте 87 көлік оқиғасы тіркелді

20 наурыз 2021, 12:49

Өткен бір тәулікте Нұр-Сұлтанда 87 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты полиция өкілдері көлік тізгіндеген тұрғындарды абайлап жүруге шақыруда. «Бүгін, 20 наурызда Тұран даңғылы жақтан Қорғалжың тасжолымен кетіп бара жатқан маршруттық автобус көктайғақ кесірінен жарық бағанасына соғылды. Салдарынан діңгек «Лада Гранта» көлігіне құлап, зақым келтірді. Оқиға салдарынан адам зардап шеккен жоқ», — деп жазады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ал таңғы сағат 08.05 шамасында Н.Тілендиев даңғылында маршруттық автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеңіл көлік пен тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. «Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жедел жәрдем бригадасы автобус жүргізушісіне көмек көрсетіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде абай болып, жылдамдық пен қауіпсіз қашықтық ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Сонымен бірге жаяу жүргінші жолағына жақындағанда жылдамдықты барынша азайтып, мұқият болуды сұрайды» — дейді департамент өкілдері.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия