jasqazaq.kz

Елордада бір тәулікте 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді

03 қараша 2021, 14:17

Елордада бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 3 жағдай зардап шегушілер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы сағат 07.00 — ден бастап 35 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Кеше, сағат 20.00-де 36 жастағы «Шансиман» маркалы автокөлігінің жүргізуші Тәуелсіздік көшесімен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, көктайғақтың салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай, бетон-арматуралық құрылғыға соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Ауа-райының қолайсыздығына және көктайғақтың орын алуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықтықты, маневр жасау және бүйірлік интервал қағидасын бұлжытпай сақтауды ескертеді.

Дымқыл асфальт жүргізушілер үшін — ең қауіпті болып табылады. Жолдың төсеніші тайғанақ, оның үстіне түнгі қатқақтар басталды. Мұндай жағдайлар көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына әкеп соқтырады. Жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында елордалық полиция қызметкерлері автокөлік құралдарының иелеріне көліктерінің жазғы шиналарын қысқы шиналарға ауыстыруды ұсынады.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің де барынша мұқият болуын ескертеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде