jasqazaq.kz

Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды

19 қыркүйек 2019, 10:39

Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды», — делінген хабарламада. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған. Елордалық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері есірткіге қатысты 400-ден астам қылмысы тіркелген. Оның ішінде 62 іс саудамен байланысты. Заңсыз айналымнан 100 келі есірткі алынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде