jasqazaq.kz

Елордада алаяқ ер адам 8 әйелді алдап соқты

12 мамыр 2021, 15:36

Елордада 34 жастағы ер адам алаяқтықпен пайдаға кенелу мақсатында өзінен жасы үлкен әйелдермен танысып, сеніміне кіріп отырған. Әзірге зардап шеккен 8 әйел анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің «Есіл» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекетке барған 34 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдікті әлеуметтік желі арқылы көбіне 40-50 жас аралығындағы әйелдермен танысып жүргені анықталды. Өзін «Алмас» не «Алмат» деп таныстырған ол банктің қауіпсіздік қызметінде, кейде мемлекеттік қызметте істейтінін айтқан. Әйелдердің сеніміне кіріп, оларға белгілі бір ақыға табысы жоғары жұмысқа орналастыру бойынша түрлі қызметтерін ұсынған. Алаяққа сеніп қалған келіншектің бірі тіпті, өз атына несие рәсімдеп, оған ұялы телефон сатып әперген. Тағы бір әйелдің тонын химиялық тазартуға тапсыру желеуімен иемденіп алған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетіне зардап шеккен 8 әйелді анықтады. Жедел-іздеу шараларының барысында күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, жете танымайтын адамдарға сенбеуге шақырады. Аталған ер адамның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Полиция департаментінің мына нөмірлеріне хабарласа алады: 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58. 8-775-601-11-00 немесе 102.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия