jasqazaq.kz

Елордада 66 шам ұрлағандар ұсталды (видео)

19 сәуiр 2021, 23:12

Елордадағы триатлон саябағынан 66 шам ұрланып, демалыс орны жарықсыз қала жаздады. Ұры алыстан келмеген екен. Енді қымбат шамдарды қолды қылғандарды үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе үш миллион теңгеге жуық айыппұл салу жазасы күтіп тұр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Полицейлер ұрланған шамдарды сатып алғандарға да қылмыстық іс қозғайды. Ал ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиғаны күдіктілер ешкімге ештеңе көрсетпес үшін әдейі түнде ұйымдастырылды. Елорда көшелері мен саябақтарын жарықтандыруға жауапты компания қызметкерлері шамдарды баспалдақпен өрмелеп шығып адып, шешіп жүрген. Екі ай бойы екі көлік жүргізуші мен бір электр монтері қызметтік көлікпен саябақтан 66 шамды ұрлап, оны темір-терсек қабылдайтын орындарға тапсырған. Саябақтағы мүліктің жоғалғанын сол мекеменің бригадирі түгендеу барысында әшкерелепті. Келтірілген шығын 8 миллион теңгенің шамасында. Енді бұл ақшаны шамды ұрлағандармен қоса, тауарды сатып алғандар да өтейді.

Данияр Орал, Нұр-Сұлтан қаласының ПД ресми өкілі:

— Ұрланған затты сатып алу және оны әрі қарай қажетіне пайдалану ҚК-тің 190-бабы мен жауапкершілік қарастырылған. Күдіктілердің жасы 49, 50 және 32 жаста. Үшеуіне де қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде