jasqazaq.kz

Елордада 400-ге жуық автокөлік айып тұрағына қойылды

14 сәуiр 2020, 13:04

Елордада қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды.

«Қалада себепсіз жүргені үшін 370-тен астам автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Қалада қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын есте сақтаған жөн. Қала тұрғындары карантиннің барлық ережелерін сақтауға міндетті. Тәртіпбұзушылар қатаң жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайды дрон арқылы қадағалап жатыр», — деп атап өтілген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, 6-12 сәуір аралығында 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 32-і қамауға алынса, 538-іне айыппұл салынды. 174-і ескерту алды, ал 60 іс сотта қаралып жатыр.

«Карантин режимін сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, кейбір адамдар бұл талапты елемей жатыр. Осыған орай бақылау күшейтілді. Тәртіпбұзушыларды жазалайтын боламыз. Автокөліктерді айыппұл тұрағына, ал істі сотқа жібереміз. Кейбір адамдардың салғырттығынан халық зардап шегуге міндетті емес. Коронавирусты жұқтыру қаупі жойылған жоқ. Қала тұрғындарын қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, өздерінің және біздің уақытымызды зая кетірмеуге шақырамыз. Атқарылып жатқан жұмыстың барлығы сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасалуда», — деп атап өтті полиция өкілдері.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық