Елордада 4 көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 21.00-де Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, «Daewoo Nexia» көлігімен соқтысқан. Соқтығыс салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota «, одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қаққан.
«Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тболды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ведомстводан.