jasqazaq.kz

Елордада 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

31 наурыз 2020, 11:29

#үйдеотыр

Елордада карантин режімін бұзғаны үшін 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«30 наурыздан бастап төтенше жағдай режімі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердің қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды. Полиция қызметкерлері қалада тәулік бойы қызмет атқаруда», — деді Е. Сәденов «Хабар 24» телеарнасында өткен онлайн брифингіде. Оның сөзіне қарағанда, қалада 26 мобильдік бекет қойылып, олар автокөлік қозғалысы бойынша жұмыс істеуде. «Тек кешегі күні 1 500-ге жуық жүргізуші және 200-ден астам жаяу жүргіншімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 30 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», — деді департамент басшысы.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі