jasqazaq.kz

Елорда тұрғынын әлеуметтік желіде танысқан жігіт тонап кетті

12 сәуiр 2021, 17:13

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын кездесуден кейін таныс адамы тонап кетті. Тергеу нәтижесінде 27 жасар жігіттің 28 жасар қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жұп бір ай бойы желіде сөйлескен. Нәтижесінде олар кездеуге шешім қабылдап, жігіт жаңа танысын қонақ үйге шақырады. Бірге отырып, тамақтанғаннан кейін қыз ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп қойған. Жігіт оны пайдаланып, 100 мың теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдарды алып, сағат таңға төртке таман қонақ үйден шығып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстаған, ол бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты. Ер адам өз қылмысын мойындады, оның Нұр-Сұлтан аумағындағы ұқсас қылмыстарға қатысы бар немесе жоқ екені анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды абай болуға шақырады, жақын таныс емес адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия