jasqazaq.kz

Елорда тұрғыны сатып жіберген көлігін ұрлаған (Видео)

08 маусым 2021, 14:12

Елорда тұрғыны сатып жіберген көлігін ұрлап кетті. 

«Kia Rio» маркалы көліктің иесі машинасының ұрланғаны туралы шағымданған. Зардап шегушінің айтуынша, түнде үйіне келгеннен кейін көлігін құлыптап аулада қалдырған. Ал таңертең көлігінің ұрланғанын білген.

«Қылмыс орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен таңғы сағат 05:00 шамасында көлік есігін кілтпен ашып, айдап әкеткен күдіктіні анықтады. Шығын 2 млн теңгеден асып жығылады. Тергеу амалдары барысында көлікті айдап кеткен адам анықталды. Ол «Kia Rio» маркалы көліктің бұрынғы иесі болып шықты. Ол көлігін сату мәмілесін жасағаннан кейін екінші кілтті өзінде қалдырған және машинаның жаңа қожайынының мекенжайын есінде сақтап қалған», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, күдікті көлікті айдап кеткеннен кейін оны жалға алынған тұраққа жасырып, өзі басқа өңірге кетіп қалған. «Нұр-Сұлтан қалалық ПД Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің тыңғылықты іздеу іс-шараларынан кейін күдікті Қостанай қаласында ұсталды. Көліктің бұрынғы иесі кінәсін мойындап отыр», — деді полициядан.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия