jasqazaq.kz

Елорда тұрғыны қызына желіде тіл тигізгендерден екі миллион теңге өндіріп алды

27 сәуiр 2022, 16:46

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотында әйел жасөспірім кибербуллингі дерегі бойынша моральдық өтемақы өндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

2021 жылдың қыркүйегінде жауап беруші азаматтың ұлы бұрынғы сыныптастардың мессенджердегі чатында әйел мен оның қызына қатысты намысқа тиетін хабарлама жазған. Кейін қыздың анасы сотқа жүгініп, 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап еткен. Себебі қызы хабарламадан кейін екі ай бойы күйзеліске түсіп, психологтің көмегін алуға тура келген.

Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысы бойынша тіл тигізген жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған ұлына тиісті тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр