jasqazaq.kz

Елорда тұрғыны Ashyq үшін әуежай қызметкеріне шабуыл жасады

20 мамыр 2021, 13:07

Елордада белгісіз біреу Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкеріне шабуыл жасап, жол талғамайтын көлікке мініп қашып кетті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әуе айлағының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz. Оның айтуынша, оқиға 19 мамырда болған. Тәртіп бұзған адам әуежай ғимаратына Ashyq жүйесі арқылы кіруден бас тартқан. Әуежайға ол жолаушыны күтіп алу үшін келген.

«Ол Ashyq арқылы тексеруден өтпестен ғимаратқа кіргісі келді. Бірақ оны авиациялық қауіпсіздік қызметкері тоқтатты. Ер адам маска тақпаған және қызметкерге қол көтерген. Кейін ол қымбат жол талғамайтын көлігіне отырып қашып кетті. Әуежай қызметкерлері желілік полиция бөліміне арыз түсірді. Көп ұзамай тәртіпбұзушы табылды», — деді Шалекенов.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды. Әуежай баспасөз қызметі күтіп алушыларға, шығарып салушыларға және барлық жолаушыға ғимаратқа кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылатынын ескертті.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде