jasqazaq.kz

Елорда тұрғыны алимент қарызын өтеу үшін балаларына үйін босатып берді

12 қазан 2020, 14:42

Елорда тұрғыны алимент берешегін өтеу үшін жер учаскесі бар, толық салынып бітпеген үйін өз еркімен балаларына берді.

Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, үй Ақмола облысында орналасқан. Ал азамат Е-нің алимент бойынша берешегі — 888 270 теңгені, мүлікті бөлу бойынша қарызы — 3 391 070 теңгені құрайды. Сот орындаушысы борышкерді мүлікті өз еркімен беруге көндірді. Ондай болмаған бағдайда үй аукцион арқылы сатылатын еді. Біраз ойланған борышкер үйін басқа біреуге сатқаннан гөрі балаларыма қалсын деген шешім шығарды. Өндіріп алушы төлем қабілетсіз болуына байланысты сот орындаушысы өз қызметін келісімшарт негізінде көрсетті. Әйел мүмкіндігі болған кезде сот орындаушысының қызметіне төлем жасайды.

«Азамат Е-нің әрекеті алимент бойынша берешегі бар өзге азаматтарға да үлгі болар деп үміт артамыз. Олар өзге біреулерге емес, өз балаларына қарызын өтейді. Бұл жарқын үлгі екендігі сөзсіз және сот орындаушының да мінсіз жұмысы қуантады», — деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде